Posted in

ЕБІН ТАПТЫ

Әлдебір қиын мәселені шешудің амалын таба білді. * Жауығып алған екі жақтың менің алдымда кездесті қалғанын қайтерсің. Осы бір қолма-қол жанжалға айналуға бет алған кездесуді ебін тауын ыдыратып жіберетін не шара табылар екен? Ғ.Мүс. * Тамағы тесік пенде болған соң жеуге тиіссің; қылғыта бер, қымқыра бер. Тек ебін тауып, қиюын келістіре білу керек дегені ғой. Т.Сәук. * Тек Ғалияға барсам, жетсем болды емес пе! Біраз күн Ғалияшыммен бірге болсам, Хат бетіне түсіре алмай қор болған сөздерімді ебін тауып айтсам. Ұғыныссам… Б.Соқп.