Posted in

ЕБІ ЖОҚ

Ыңғайы жоқ, олақ. * Үйде жүрген соң семьяның толып жатқан ұсақ-түйек шаруасына араласпай тағы отыра алмайсың. Оның үстіне Жарқынның былайғы тірлікке ебі жоқ. Қ.Жұм. ~ «Алда ғана ештеңеге ебі жоқ қонжық секілді сүлейім–ай, Астанаға бәрі таңсық, онда көкөніс шөптен басқа тіске басар ештеме жоқ дейді». Д.Дос.
Мағынасы, қисыны жоқ. * Кейде әлдеқалай бос отырып қалса: «Бұ-ұ-ұ-л отырыстың ебі жоқ, бақыршылыққа себі жоқ, қой, онан да бірдеңемізді жамап-жасқай отырайық. Тірі адамның тіршілігі таусыла ма? Ү.Жәл.