Posted in

ЕГЕР ҚЫЛДЫ

Дүрліктіру, мезі қылу; егестіру. * Соңғы жылдарда көздеген мақсаты қолбасылық болып, аяғында, оған да жетіп, егескен елінен кегін алып, егер қылып жүргенде шешек шағыпты. М.Әуез. ~ Не жоғалған малдың көзі, не ұрыны ұстап алған айғақ– куә жоқ. Бірақ сол үшін екі елдің арасын егер қылып, атыспайық та шабыспайық. Қалада екі жаққа ортақ ұлық бар, соған жүгінейік. Қ.Жұм. ~ Осының арты үлкен дауға айналып, Бекболат бес мың қолмен Орданы шаппақ болғанда, ел ішін егер қылмау үшін Абылай ақыры Ботаханға құн төлеп құтылған–ды. Қ.Жұм.