Шек-сілесін қатырды; күлдірді. ~ Ол кез-келген адамның жер-жебіріне жетіп, оны келеке-мазаққа айналдыра алатын, сөйтіп ұзақты кештер бойында жұртқа күлкіден езу жиғызбайтын. Бала қораздай сұмдық қызба-тұғын. Ч.Пав. ~ Ән тоқырағанда Қараш неше түрлі күлдіргі әңгімемен жолдастарының езуін жиғызбайды. Т.Әл.
Толассыз күліп, мәз-мейрам болды. ~ Қуаныш кернеген соң бойын буып, Жымындап, езу жимай мұрттан күліп. Шаттығын көкірегі сыйғыза алмай, Көңбайдың көзінен жас кетті шығып. С.Тор. ~ Үшеуі бірден күлді. Екі қыз «отырып қалдық» деп орнынан тұрды. Бұйығы Майпа былай шыға беріп бой жазып, езу жимай күле сөйлеп келеді … Ғ.Мұст. ~ Күлегеш жігіттер езу жимаған күйі электр таяқпен сиыр, торпақты темір қақпаға кіргізу қамымен әлі қайырғыштай қуалап жүр. М.Қаб. ~ Исахмет көңілді; әрнені айтып күледі. Ауданнан ұзақ қырлық жолға түскенше езуін жиған жоқ. М.Сүн.
