Posted in

ЕКЕУ АРА

Екі адамға ғана қатысты; өзара; бір-бірімен.; екеуден екеу. * Бар кәптің өзі осында еді. Нәпсіқұмар Мәделіхан осы сұлу тоқал шешесімен тіл тапса, екеу ара күлкі-қуанышы жарасса… І.Ес. * Мына зор бітіміңізге, сексеннен асқан жасыңызға қарамастан босаңсып, қазіргі екеу ара әңгіменің үстінде тым тебіреніп, көз жасыңызды сүртіп, бір-екі рет сыр беріп алдыңыз. А.Жақс. * Есіктен бір адам еніп келген еді, батырдың әйелі оны құшақтап жылап жіберді. Демдерін іштеріне тарта екеу ара жыласып алған соң екеуі от басына келіп отырды. Б.Жұм.