Арасын алшақтатты, бірін бірінен ажыратты. ~ Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында бір жиналыста Ғабит Мүсірепов былай деді: – Соңғы он жылда әдебиетті екіге бөлу әрекеті шықты: шалдар, жастар деген. Әдебиет — орман. Қайыңы да, емені де бар. Жел тұрса, құлайтыны да бар. Ш.Мұр. ~ Иә, өзгелермен қарым-қатынас жасап жүріп адамдарды әдепті немесе әдепсіз деп екіге бөліп алатынымыз анық. Ә.Ысқ.
