Posted in

ЕКІ АЙНАЛЫП КЕЛМЕЙДІ

Ештеңе қайталанбайды, өткен өмір, жастық шақ, қимас сәттер қайтып оралмайды. * Оның аузынан тастамайтын дағдылы сөзі: «Е, байекелер, ағалар, дүние екі айналып келмейді. Ішіңдер, жеңдер! ” болатын. М.Дәул. * Сүйген жігітіммен еркін қыдырар ем. Бұл дүние екі айналып келмейді. Өмірден қызықтың бәрін алар ем. М.Сүнд. * Мақан дәуірлеп тұр ғой! “Мұрның бар да сіңбір!” деген. Не дегенмен дүние екі айналып келмейді, осы Мақандікі ақыл. Жырғап қалғанға не жетсін”. С.Смат.