Posted in

ЕКІ АСЫҒЫС, БІР ҚАРБАЛАС

Тығыл-таяң, қиын-қыстау, алмағайып уақыт. * 2-ж і г і т (күліп жіберіп). Шіркіннің қалжыңқойын. Екі асығыс бір қарбаласта қайтайық деген қалжың бола ма екен? М.Әу. * «Ох, черт», – деді санын соғып, – «қырғыз-қайсақтың қайдағы бір меңіреу даласында мал табудан басқа ермек жоқ, қызуқанды қайратты еркек әйелсіз қалай тұрады? Екі асығыс, бір қарбаласта өзімен бірге ала кететін әйел қапелімде қайдан табылады? Ә.Нұрп. * Олар да келе сала көк теңіздің бас-аяғынан ірілі-ұсақ кемелердің бәрін жинап, екі асығыс-бір қарбаласта флотилия жасақтап алды. Ә.Нұрп.