Posted in

ЕКІ АУЫЗ СӨЗГЕ КЕЛМЕДІ (КЕЛТІРМЕДІ)

Бірдеңе деуге де мүмкіндік бермеді; белден басты. * Қылқамойын айтқандай шөкенің қасына тебіте келген жерден екі ауыз сөзге келмей шөкенің кеудесінен итеріп шалқасынан түсіріп, теппекші болып жатқан еді. Б.Жұм. * Исахан шамалы қателесті. Оның әкім дегені милиционер боп шықты. Екі ауыз сөзге келтірместен Исаханды айдап әкетті. Т.Әлімқ. * Түс ауған уақытта шақыртып жатыр деген соң, «иә, сәт» деп ентелеңкіреп кіріп бара жатсам, шақыртушы ол емес, басқа бір бөлмеде зәрін шашып отырған Мамозы екен. Екі ауыз сөзге келген жоқ. Ж.Ахм.