Posted in

ЕКІ АЯҒЫН БІР ЕТІККЕ ТЫҚТЫ

Қара тер қылды, қатты састырды, басына әңгір таяқ ойнатты. * Е, “Қызыл қорғаушылар” екен ғой. Сол кесапаттар:
“Капиталізім жолымен жүрген ұқықты” деп бастықтардың да екі аяғын бір етікке тығатын ғой. Т.Рыс. * Келіншек Мейрамның екі аяғын бір етікке тықты. Сөзі тіпті заңды, дәлелді. «Кетеміз», «қырамызы» жоқ. Жасаймын, жасай отырып сыбағамды жоқтаймын деп тұр. Ғ.Мұст. * Мұхиттың арғы жағынан жағаны сүзген жойқын толқынға ұқсап астаң-кестеңі шығып сөйлеген президент басқарма бастығының екі аяғын бір етікке тығып бүрістіріп әкетті. Д.Досж.