Адам, тірі пенде д.м. * Құдды бұлар мынау жалпақ жердің бетін қатар басып жүрген өздеріндей екі аяқты жұмыр басты пенделер еместей. Ә.Кек. * Қарайды, мына екі аяқты пенделер өзге төрт аяқты, жер бауырлаған, ұшқан, қыбырлаған, тырмысқан тіршілік иесінен пәлендей айырмасы жоқ … Д.Досж. * Не үшін десеңші-ау, не үшін жүрмін бөрінің мекені болған қу далада?! Төрт ай қыста екі аяқты адам көрсек жүрегіміз жарыла жаздап қуанамыз. Д.Исаб.
