Ежелден, о бастан. * Айтайық мәселен, мына баста не жоқ: діннің уы да орнаған бас, ұлтшылдыққа да ұя болған бас, қазақшылық екі бастан кернеген. Б.Майл. * Байды екі бастан былай шығарып қоямыз ғой, сол он бес үй күшін біріктіріп кіріссе, ә дегенше салып алады. Бірақ ел өздігінен істемейді. Б.Майл. * Екі қолға бір жұмыс, мен секілді кәнігі шоферге екі бастан құдайыма құдайым, салып ұрып аудандық автопаркке кірдім де кеттім. М.Қаб. * Біріншісі – табиғат; екіншісі – адам танымы, адамның айналаны қабылдау, тануға байланысты мидың ролі. Ми болса, екі бастан табиғаттың ең ғажайып, ең орасан зор жемісі, өнімі. Ш.Сари.
