Бұйрығы тура орындалды, сөзі жерде қалған жоқ. * Болыстың айтқаны екі болмады. М.Әуез. * Бұйрығың сарбазға айтқан екі болмай, Еріпті соңыңа қол әу дескендей. Н.Әбут. * Әмірі екі болмай, табанда орындалатынына дағдыланған командир шынында да қатты ашуланды. Т.Ахт. * Әсетжан, осы ауру қоймас білем, Алланың әмірі екі болмас білем. К.Қаз. * Қамысбаев деген қасқаң біз боламыз. Мен — облатком төрағасының орынын басатын кісі. Менің айтқаным екі болмауға тиіс. Б.Қыд.
