Posted in

ЕКІ ДҮНИЕДЕ (ДЕ)

Мәңгілік; тірісінде де, о дүниелік болғанда да д.м. * Дүниеге маубаспен емес, саубаспен қара. Әке-шешелі сары
мастарға теңеліп қалатын ұрымтал тұс бұл. Мұндай ұрымтал түс екі дүниеде қайта айналып келмейді. М.Қаб. ~ Сол тамұқта екеуінің де жаны бірге өртенбек. Оу, ағайын бұл ” екі дүниеде бірге боламыз” деп ант етісетін қос ғашықтың тілек- арманы емес пе? С.Жүн. * Өмір бойы сізге жақсылықтан басқа ештеңе жасамап еді, – деді Бәйтен тағы да сыбырлап. – Екі дүниеде де сізді сол шаңырақтың дәмі ұрсын. Бұдан басқа айтарым жоқ. Т.Әбд.