Posted in

ЕКІ ДҮНИЕНІҢ АРАСЫНДА (ОРТАСЫНДА)

Өлім мен өмірдің арасында; бір аяғы жеде, бір аяғы көрде д.м. ~ Халімді несіне сұрайсың?.. Не дейін?!. Бәрi бұрынғыша… Әйтеуір, кеудемде жан бар демесең, сүйегімді сүйретіп әрең жүрмін!.. Екі дүниенің арасында күн кешіп жатқан сияқтымын!.. Д.Рам. ~ Апыр-ау, екі дүниенің ортасында жатып, тірінің қамын ойлаған неткен бұл қайрат. Анадан ғана табылатын қайрат болса керек. К.Қаз.