Бәрібір; айырмасы, келіп кетері жоқ.~ . Әбден бетімен кеткен. Қоғам бетімен кетті ғой, қарындас. Қолында билігі бар, қалтасы томпақтар үшін екі дүние — бір қадам боп тұр ғой, қарындас. Қ.Түм. * Атуға кесілген кісілерге екі дүние бір қадам. Өлімге басын байлаған жандар соғысқа жіберуін сұрап Колчакқа өтініш жазады. Ә.Нұрп. * Келсе, көрермiз. Салт басты, сабау қамшылы маған екi дүния бiр-ақ қадам. Түсемде қалам. Мына сенi айт. Иттi қонақ сияқты ешкiңдi маңыратып, Сотыйдан не Майлыбастан бiр-ақ түсiп тұрсаң. Б.Алд.
