Мәз болды, масайрай күлді. ~ Нұрым да “әмин-әмин” деп, аузын толтырып, жалаң бас, есі жоқ, түсі жоқ, терлеп-тепшіп, екі езуі құлағында, алақандай шегір көзі ақайып, жирен сақалы қаудиып кеткен, әншейін-ақ күр-күр етеді. С.Торы. ~ Дұрыс айтады!— деп Жұмабай қойқаң-қойқаң етеді. Екі езуі екі құлағында, бүгін ол сөзшең, ойы асқақ. Ғ.Мұст. ~ — Ал, сүйінші! — деді көкесі. — Келін босанды. Түгелхан деген бір жаман немелі болдық! – Лып етіп бетіне қаны тепті Шегенің. Екі езуі екі құлағына жетті. С.Елу.
