Араларына жік түсті, бөлінді. ~ Қазақ жеріне келейік деп келгеніміз жоқ. Ресейде төңкеріс болып, патшаны түсірген соң, өз ара екі жарылып, ел билеуге таласқан соң, өкіметті қара жұмысшы мен қара солдатты жақтаған балшебектер алып кеткен соң, біздер орыстың шын ұлдары құл-құтанға бағынбаймыз деп, соғысып, жеңіліп, қашып келіп отырмыз. Алдымыз қашып Қытай жеріне өтіп кетті. Ж.Айм. ~ Белес басына шыққанда аздап самал соққандай боп, жұрт омырауды ашып, киімдерін желпісіп, бір көтеріліп қалды. Тойға шақырылған екі-үш рулы ел төбе басына екі жарылып отырды. Б.Май. ~ Ара-тұра: «Еркек қатқыл болмағанда, кәйтуші еді?» — деген бір ой сап ете түскенмен, оған күдік бәрібір жеңістік бермейді. Содан бір Шәйі екіге жарылып, бірімен бірі келісе алмай жатады. Б.Нұрж. ~ Сөйтіп, Алматыдағы бас қосулардағы әңгімеміздің ендігі өзегі баба рухын көтеруге бағытталды. Деседе екіге жарылған пікір де аз болған жоқ. Ж.Шәк.
