Posted in

ЕКІ ЖАРТЫ, БІР БҮТІН

Көбінесе жалғызілікті жандардың қосылып, үй болуы, селбестік жасауы туралы айтылады. * Әрине Ықсан онда «екі жарты бір бүтін болғымыз келеді. Сауынға сиыр берсеңіздер» дер деп күткен; Сәлима ол ойламаған сауал айтты. М.Сүн. * Күндіз көргеннен саған есім кетті. Мен де бойдақ, сенің де басың бос. Екі жарты бір бүтін болып мына барға ие болайық. Мен тұрғанда саған ешкім тимес, – деді. С.Досж. * Екі жарты бір бүтін болып бірігіп от жағып отан құрғаннан кейін сол оттың басында ойнап жүретін баласы болғанын қалайды. С.Досж.