Жақсы жүріс (амал) жасап, мақсатына жетті; орайын тапты; жолы бола кетті. * Пульт шырт етіп еді, экран сөніп жүре берді. — Кәне, сенем бе, жоқ па?— Пәле қыз екі жеп биге шықты. М.Қаб. * Мылқау арабқа Шамды көп саудаласпай сата салғанда ағаш дайындаушы екі жеп биге шығудың жолын ойлаған болатын. А.Смай. * Бұған келгенде де Қоңырбайдың асығы алшысынан түсті. Екі жеп биге шықты. Қ.Жиен. * Жезтырнақпен күреске түсетін ер жігіт — есебі мына менмін. ІІІық бері, әлің жетсе! Екі жеп биге шыққың келеді-ау, «Таяғым»? — деді Нұрқат бұрынғы бала күнгі мазақ атымен кекеп. З.Шаш.
