Posted in

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ

Адамның қос жанары. ~ Қасым деген ақын жазған екен деп Ханжігіт айта беретін бір шумақ өлең Боранқұлдың зердесінен кетпейді. Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы, Көруші ең құбылысты қай-қайдағы. Япыр-май, сен де бір күн сөнермісің, Қап-қара түнек болып маңайдағы?! – дейді екен Қасым ақын өлер шағын өкініш етіп. Ғ.Біл. ~ Айдай ару Нәзилә жұрт арасынан сытылып шыға бере ауыздық сүзіп, аласатып тұрған жынды жиренмен құйындатып келіп қатарласқанда, сұрша қыздың өзіне қарап жәудіреген отты көзін көріп, Боранқұлдың бойы шымырлап кетті. Оның қарсы алдында қап-қара екі жұлдыз, қап-қара екі сәуле от болып жанып тұр еді. Ғ.Біл. ~ Сәруәр күн сәулесімен құбыла құлпыратын ақша дидардың бет ұшында жүдеулік бар. Қап-қара екі жұлдыздың- екі көздің ұясында шаңыттанған мұң тұманы кілкиді. Ғ.Біл.