Бір-біріне қарама-қарсы екі жаққа да жақсы көрінгісі келетін адам туралы. ~ Дегенмен екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді, сақ бол. Әсіресе Кенесары аулында… Сұлтанның көзі қырағы, қате бассаң бірден сезеді. І.Ес. ~ Тар төсекте тез табысқан Бексұлтан мен Назерке тез тебісті. “Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді” деген рас екен. С.Дос.
