Posted in

ЕКІ КӨЗІНЕН ОТ ШАШТЫ

Тұла бойын ашу қысты, сестенді. * Кейін ол екі көзінен от шашып, айтулы ат болғанда қолбасы ханға тарту етті… С.Дос. * Тауманға қарады. Бұл да екі көзінен от шашып “кәне, не айтасың?” дегендей міз бақпай тұр. С.Дос. ~ Екпінмен өте шығып қайта оралды. Тағы жетті, тағы сілтеді. Тимеді. Желіні салақтаған сұр қаншық сонша айлакер — қашып құтыла алмаған соң жарға тығылады. Жардан қуып шықса жалтарып жан сақтайды. Тұмсығындағы қой қанын жалап үлгірмепті. Тілі салақтаған, көзінен от шашады. Қашып жүрсе де жан бермеу үшін жағаласуға әзір. Ғ.Мұст.