Жалына, әлденеден үміттене қарады. ~ Әжесі: — Қарашығым, жалғызым – ау! Өлген кісі тіріле ме екен? — деп, біресе Әділдің бетінен сүйіп, біресе талықсып қалады. Оған шейін Марияда ес жоқ түс жоқ, құр Әділге қадалып, екі көзі жаудырап тұрып, бір кезде: — А, Құдай– ау! Өңім бе, түсім бе? — деп келіп, Әділді құшақтай алды. Шәк. ~ Жар дегенде есіне Ақбілек түсті. «Мен міне құдайдың жарық күнін көрдім, жазылдым. Ол осы күнде не күйде екен? Әлде тұтқында екі көзі жаудырап, жасын бұлап жүр? Әлде, орыстар өлтіріп тастады? Ж.Айм. ~ Игілік жұмыс басталды. Саналы азаматтар, мейірімді аналар, ана қорғансыз балаларға қарас! Екі көзі жаудырап: — Бізді де есіркеңдерші! — дегендей боп тұр ғой… Б.Майл. ~ Ол әлі сол Бийскіде…– деді Жұлдыз, сосын екі көзі жаудырай Еркебұланға қарады. І.Ес.
