Әлдебір шешімге, тоқтамға келе алмай отыр; көңілінде күмән бар; дүдамал жағдайда. * Тәжи бағанадан бергі екі ұшты сөзінің бір сабағын тапқандай болып сөзге кірісті:
— Апа, мен екі ойлы болып отырмын… І.Жанс. * Университет ректоры: «Сенейін бе, әлде сенбейін бе» деген кісіше екі ойлы болып үлкен басын келіше шайқады. Д.Досж. ~ Ыңғайсыз ғой,-деді духиді аларын да, алмасын да білмей екі ойлы болып тұрған Гүлнұр. С.Дос.
