Posted in

ЕКІ ОТТЫҢ АРАСЫНДА (ОРТАСЫНДА) ҚАЛДЫ

Қайда барса да қауіп-қатерден құтыла алмайтын жағдай. ~ Қарақалпақтар да екі оттың арасында қалғанын түсініп отырған жайы бар екен. З.Шүк. * Бір жағынан сені аяп, бір жағынан шешемді, он беске кеп қалған сіңлім Сәния мен он жасар інім Әскержанды аяп, екі оттың арасында қалғандай, дал болдым. Ә.Нұрш. * Оның үстіне күйеуі әйелінен жасырын маған қырындап, басқан ізімді аңдуды шығарды. Екі оттың ортасында қалғандай болдым. Ү.Жәл. * Шыңғысқа барса, теңдік берме! Содан кейін екі оттың ортасында қалады да қояды. Мықты болса, күймей шығып көрсін содан. С.Мұқ. * Айғанымды тастап кетемін деген ойым жоқ болса да, үй ішімнің анадай күйі мені екі оттың ортасына салды. Бірақ іш жаққа көңілім ауа берді. Ойлап болып, «қайтамын» деуге бел байладым. М.Дәул.