Әлдебір сөзді, кісі атын, мәселені жиі қайталап, аузына ала беру туралы. * Өткенде ауылдық кеңестің жиналысы тек Назардың құрметіне арналды… Екі сөздің бірі «Назекең, Назекең»… Ешкі фермасындағы бір бақташы сыйлыққа мата алып тұрып, «Назар жасасын!» деп ұран тастады. Бұл не сұмдық!.. Т.Әбд. * Біраздан соң аула сыпырушылар үздік-создық келе бастады. Кейбірі шайқалақтап әзер жүреді. Шалақызу. Екі сөздің бірі – боқауыз. Бригадада үш еркек, бес әйел екен. Дені жасамыс. Т.Сәу.
