Posted in

ЕКІ ТАЛАЙ ІС

Күмәнді, болар-болмасы дүдамал нәрсе. ~ «Алыста жүрген жақынды алып келу оңай, ал жақында жүріп жат болған көңілді жуықтау екіталай іс»,— деген сөзді әзірге тауы шағылмаған қызына қатты тиер деп паш етпеді. Х.Ес. ~ Жер таянған әкең бар, тайлақтай тарпаңдаған балаң бар. Бөрідей жортып жүріп олардың біріне иман салу, біріне ғибрат беру екіталай іс. Мен айтарымды айттым, отағасы. Қош бол,— деп Жолмұқан арбаға секіріп мінді де, атының делбесін қақты. Х.Ес.
Қысылтаяң шақ. ~ Бұндай екі талай іс үстінде салмақты елдің өзіне салатын сары ала шапан сұлтандар мен билер де үнсіз. Тәуке көзін көп қыдыртты. Орынынан Бөкенбай көтерілді. Ә.Кек.