Posted in

ЕКІ ТУЫП, БІР ҚАЛҒАНЫ ЕМЕС (ЖОҚ)

Пәлендей жақындығы жоқ. * Түу, ит арқасы қиян шаһардан шаршапшалдығып келгенде, екі туып, бір қалғаны жоқ, осы Қамбарды қара тұтып келген. О.Бөк. * Әрине, бөтен біреу болса, Арман оның екі туып бір қалғаны емес, жәрдемін одан аяған жоқ, мейлі енді пұл болмаса, күл болсын деп қолын бір – ақ сілтеп жайына кетер еді. Ал Ахметқали өйте алмады. І.Ес. * – Мен таптым айласын,– деді бір шөпші,– екі туып бір қалғаны емес, басыңның аманында бұл әйелден құтыл. Әркімнің өз жаны тәтті. Біреу үшін отқа күйме. С.Мұқ. * Қоспан, Сені мен менің қайбір екі туып, бір қалғанымыз толып тұр. Әр ауылдың бір Жаппасбай табылмас деймісің. Т.Ахт. ~ – Жалпы айтам да. Сен тым еркін тұрасың. Бұза жарып, қойып қаласың. Кім көрінгенге сырыңды айтып ағыңнан жарыласың да отырасың. Кімін, ол сенің? Екі туып бір қалғаның емес қой… Жолдың жел бетіне шықшы. Қарсы машина келе жатыр. М.Сүн.