Түңілді, күдерін үзді, баз кешті. ~ Тілі де тым ащы. Екі қыз ұзатып, үш келін түсірген. Бірде- біріне сыймайды. Басқаларының бәрі лаға безіп, екі қолдарын төбесіне қоятын. Т.Рыск. ~ Бірнеше ай күтіп отырып, «біреуді алыпты» деген жаманаты жеткен соң Сыр бойындағы төркініне кетіп қалыпты. Бұдан соң ұнжырғасы түсіп, әбден жүнжіп кетті. Екі қолын төбесіне қойып ішкілікке салынды. Қызметінен шығып қалды. Н.Сер. ~ Астанадағы үйі-күйін тастап, екі қолын төбесіне қойып беті ауған жаққа тентіреп кеткенде, алдынан тағы да қаһарын төгіп қарын, боранын, қара дауылын қаптатып несі бар. Сондай-ақ, бұл құдайға не жазды? Не… не жазды? Ә.Нұрп.
