Posted in

ЕКІ ҚОЛҒА БІР ЖҰМЫС (БЕЙНЕТ)

Еңбек еткісі келетін адамға жұмыс табылады. * Екі қолға бір жұмыс, мен секілді кәнігі шоферге екі бастан құдайыма құдайым, салып ұрып аудандық автопаркке кірдім де кеттім. М.Қаб. * Қайда барса да екі қолға бір жұмыс болса, одан бас тартудың жөні қалай? – дегенге тірелген ойын Ертай да келіншегіне, қайын атасы мен енесіне айтып, ақыл сұрады. Е.Мұх. * Одан да, енді басқа бір кәсіп етпейсің бе? Қой қайырып тыныш жүргендер де аштан өліп, көштен қалып жатқан жоқ. Екі қолға бір жұмыс. С.Жүн. ~ Жайрап қайтам ба деп күманданатын сайраққа жиналған мен емес, екі қолға бір бейнет, күрекке малақ табылады дағы. Б.Қыд.