Posted in

ЕКІ ҰДАЙ КҮЙ (КЕШТІ)

Өз ісіне сенімсіздік, дүдамал жағдай. * … жаңағы офицердің ажарынан тайлығып қалған стражник үйреншікті парасын алмай, бой сағаттап, екіұдай күйде қалған. М.Әу. * Далаға неге бет алғанын да ұмытқандай. Екіұдай күйде кері бұрылып, жүкаяқтың жанында жатқан төрт бүктеулі қалың көрпеге жүрелей қайта отырды. М.Сүн. * Осылайша екіұдай күйде толқып тұрғанда қиыршық тасты сықырлатқан аяқтың жүрісі естілді. Ә.Асқ. * Міне, елге баратындығымды әйеліме айтсам ба, айтпасам ба деп екіұдай күй кешкен себебі осы-тын. Түн жамылып отырып, өтірік айтып жын ұрып па?! Қ.Жиен. * Бірақ артынша өз-өзіне келіп, әлгі запырандай ащы шындықты мойындағандығын, не мойындамағандығын біле алмай, басы мойынға құлап, екіұдай күй кешеді. Қ.Жиен.