Posted in

ЕКІ ӨКПЕСІН ҚОЛЫНА АЛДЫ

Асығып, жаны шығып жүгірді. ~ Ол екі өкпесін қолына алып мектепке жетті. Село әкімінен басқа сырттан келген ешкім көрінбейді. Ж.Сүл. * Төртінші күні таңертең Ордостан екі өкпесін қолына алып, ентігіп кірген шабарман төр алдында өліп жатқан әміршісін көріп, аңырайып тұрып қалды. Ә.Кек. * Бір күні келген жаралылардың ішінде әкем( де болып шықты. Оны бізге көрсетпестен, жаралы солдаттардың шатырына апарған екен. Бұны әлдеқалай естігенәжем, екі өкпесін қолына ала, мені жетектей, шатырға қарай ұшты. С.Мұқ. * Алдында айқұшақ қауып күтіп отырғанқатын-бала бардай екі өкпесін қолына алып құстай ұшып келмеді ме. Иә, келдің. Қарық болдың… Ә.Нұрп. * Бажылдап айқай салып қаша жөнелді. Екі өкпесін қолына алып зытып бара жатқан серігіне зеңбірек оқтаушы әлдене деп айқайлады да, секем алғандай артына бұрылды. Т.Ахт. ~ Ал Анажар болса, қуанбаған да, қорықпаған да сияқты. Өйткені екі өкпесін қолына алып періштесіне қарай алақайлап ұша да жөнелмеді. Е.Әлімж.