Жалп-жұлп етті, елбектеді. ~ Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан — бері де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып, елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. М.Әу.
Біреудің алдында құрдай жүгірді, дедек қақты, жарамсақтанды, жағымпазданды. ~ ~ Әй, аман, бармысың? – ас бөлмеден «бармын» деген ұлының үні естілді. – Бар болсаң сіріңкемді әкеліп бер. – Әкесінен сөз естіп қалмаудың қамымен елбек қағып, қорапты қолына ұстата берді. О.Бөк. ~ Ізінше қайта шыққанда, қолында піл сүйегінен жасалған жинамалы желпуіш көрінді. Алғашқы көрген көзге айрықша сөлекет қозғалыспен елбек қағып, біресе Мамозыны, біресе қызды желпе бастады. Ж.Ахм.
