Posted in

ЕЛГЕ КҮЛКІ БОЛДЫ

Жұрттың мазағына қалды. ~ Сонда тәуір бола ма, Ұстап ап біреу сабасын? Киіміңді тонасын, Елге де күлкі боласың. Абай. ~ Шуламаңдар түге, енді айқайлай берсеңдер, милиция келеді де барлығыңды қамап тастайды. Елге күлкі болғанның көкесін сонда көресіңдер, – Дәулет шуласқан топтың бей-берекет үнін тиып тастады. Ж.Шәк.