Жұрт қадірлейтін, елге еңбегі сіңген жан. ~ Апамның әжесі заманының білікті бәйбішесі, елге сыйлы әйел болған секілді. Себебі, үйге келген қонақтар әуелі үйдің иесін іздемей, отанасын — Ақжанды сұрайды екен. Ү.Жлк. ~ Ұзақ жылдар бойы Қызылорда университетінде қызмет жасаған көрінеді. Елге сыйлы, халқына қадірлі адам болыпты. Ә.Асқ. ~ Көңіліме қайғы толды,– деді тістене, – әкемнен кем көрмейтін ағам бар еді. Елге сыйлы кісі болатын… Соны айдатқалы жатыр. Б.Қыд.
