Ел ішінде беделі бар, жұрт қадір тұтатын адам. ~ Сол Берікболың бір закүншік неме – ау деймін, — деп сызылды Айтқұлов. — Өзі де жер тауысқан қу болу керек. Нарынқолдан келді дей ме соны? Құдай білсін оның ар жағында қайдан келгенін… Еңбегі жанған, елге сыйымды біреу болса, көрінген жерге күл төгіп көшіп жүре ме? Қ.Жұм. ~ Рас, өзгелердей қора толы қойы да жоқ Тайлақбайды тұтас елге сыйымды, аға ететін күш оның тас кескен әділ, киелі тілі, турашыл қазылығы еді. Ж.Ахм.
