Туған жерін, жақындарын, өскен ортасын біржола тастап кетті. ~ Сонымен ішкі орыс арасына қарай жылжып, қашан қарқыны басылып, ашуы тарқағанша 4-5 жыл елден безіп тұрсам да күн кешірмекпін, – деді. Ж.Айм. ~ Әрине, сараңдар да, кәпірлер де ұшырасатын, бірақ ондай, қоғамнан оқшау, елден безген адамдарға біткен мал не жау қолында, не жұт астында қалатын, бір қисайса қайтып оңбаушы еді. М.Мағ. ~ Елден безіп бұл екі қыс құм арасында қаңғыды. Елсізде жүріп Балқия екеуінің шекпеген бейнеті жоқ. Аштық, жалаңаштықты да сауды бастан. С.Елу.
