Елді жаудан қорғап, абыройын аман алып қалды. * Жазуда мәлім тарихының өзі мың жарым жылдан астам бұл батыр халық, үнемі қалын, жауларының қыспағында жасап, сонда да елдігін сақтап келеді. С.Мұқ. * Он тоғызыншы ғасырдың жағдайында, бұл қалпымен елдігін сақтай ала ма, бұл қазақ? Жоқ, сақтай алмайды. С.Мұқ. ~ Атышулы «Алқа көл сұлама, ақ табан шұбырындыда» жалпақ елдің Қаратауға жосығаны және мәлім. Бүкіл бір халықтың елдігін талай рет сақтап қалған қарапайым кәрі діңгек—маған сондайлық қалтарысты қалыптарымен, қасиетті мазмұнымен ыстық. Т.Әл. ~ Батырхан қаламынан туған екінші бір кесек туынды «Зұқа батыр» романы. Онда ХХ ғасырдың басында өткен Зұқа Сәбитұлының жарлыларға жоқшы болып, елдің елдігін қорғап, үстемдікке мойын ұсынғысы келмеген тәкәппар өрлігі бейнеленген. Ж.Шәк. ~ Қанат осыны айтып шалдарға күле қарады. — Жауынгер болып елдігін қорғасын; мамық төсекте шірене көлбеп, сыздаған ішін сипатып жатпасын деген сөзі ғой. Ғ.Сл.
