Қиялға берілді. * Кавказды аралаған кезімде үш күн қатарынан ашық аспан астында түнегенім бар. Сонда ұзақ уақыт ұйқым келмей елес қуып, өмір өткелдерінің теңізіне жүзіп кеткен кездерім көп болды. М.Мом. * Сұлбамды Айдың сүт сәулесі танытқан, Елес қуған ессіздердің бірімін. Д.Кәп. * Осы күнге дейiн әдiлетке сенiп күрескенi, тiрескенi бос әурешiлiк екен. Жалған елес қуып далбасалап келгенiн айтсаңшы. Т.Сәу. * Сол отырған қалпында бұрлығып көзi iлiнiп кеттi ме, талықсып кеттi ме – сансыраған санасы елес қуып жүр. Т.Сәу.
