Posted in

ЕЛЕҢ ЕТКІЗДІ

Көңілін бөлді, назарын аударды, алаң қылды. * Үнсіз қалған әке- шешесін Алпамыс тентектің өксігені елең еткізді. С.См. ~
Әншінің сөзі Шәйіні елең еткізді: есті өлең айтатын бала болды! Б.Нұр. * Мына сұрақ Майсараны да, Балтаны да елең
еткізді. С.См. ~ Елді елең еткізіп, сонау ел білмес ескі заманнан сыр ақтарған, жеті қабат жер астынан алтын іздегендей
Сұлтан Жанболаттың «Елжау Күнби», «Саншура Күнби» романдарының да аңысы аз емес. Ж.Шәк.~ Қасқаны елең еткізіп
ыңылдап жіберді, әнге қашаннан шорқақ, тұрпайылау үні әдемі көріністі, сол сұлулықты бұзып жіберердей. Жым болып қоя
қойды. Д.Досж.