Елден жырақ кетті, жалғыз жүріп күн кешті. ~ Елден безіп бұл екі қыс құм арасында қаңғыды. Елсізде жүріп Балқия екеуінің шекпеген бейнеті жоқ. Аштық, жалаңаштықты да сауды бастан. С.Елу. ~ Сергеевтердің өлімінен кейін өзіне де тықыр таялғанын сезіп, қағынан жеріген құландай елсізде жүр. Б.Тоғ. ~ Бала жасынан сөйлемеслікті ғадет қылған екен. Ит жүгіртіп, құс салып жүреді екен. Сонда атасы қасындағы жігіт-желеңіне тапсырып қойған екен: — Егер елсізде жүріп, осы баламның аузынан үн шықса, не сөйлеп тілі шықса, менен сүйінші сұраңдар! — деп. ҚЕ.
