Posted in

ЕЛ АМАН, ЖҰРТ ТЫНЫШТА

Ел басына күн туып тұрған уақыт емес; бейбіт заман; пәлендей қиындық көріп жатқан ешкім жоқ д.м. * Өз үйінен өзін неге қуды ол. Адамның ел аман, жұрт тынышта қарадай өзін-өзі өз үйінен қуғаны қай ақылға сыяды. Н.Дәут. * Жас кезінде көрікті, табиғат дарытқан қабілетінің арқасында есімі ауызға ерте іліккен, мұның ұғымында өте паң, дәулетті әйелдің ел аман, жұрт тынышта, соғыс емес, басқа емес, еденінде мәрмәр төселген, қымбат жиһаз толы үйде тұрып аштан өлуі ақылға сиятын сандырақ па? Ж.Шамұр.