Posted in

ЕЛ АУЗЫНА ҚАҚПАҚ БОЛДЫ

Біреудің (көптің) сөзін, тілін тыюға тырысу. * Бар да «өтірік» деп соны иландырып келші. Ел аузына қақпақ болып көрші. Бірақ ол қолыңнан келмейді. Ендеше, не ер бол да, ақта! М.Әу. * Оңаша алып сөйлескен Бектен деген бір сөзуар көсе бұған әрнені шарлап кеп: – Ел аузына кім қақпақ болады? Қап көтеріп әкетіпті. М.Әу.