Posted in

ЕЛ АУЗЫНДАҒЫ АҢЫЗ

Әлдебір тарихи оқиғаның халық арасына кең тараған әдеби нұсқасы. * Сол себепті, Исатай, Махамбет өскен орта мен олардың айналасындағы батыр – сарбаздарды, тарихи- әлеуметтік жағдайлар мен ел аузындағы аңыз- әңгімеге көбірек көңіл аударып, кәп зерттеуіме тура келді. Н.Әбут. * Ақсақ Темiр туралы ел аузындағы бiр аңыз есiне түстi. Ұлы Әмiршi дүниеге келерде Жаратушы ием көп пендеге аян берсе керек. Т.Сәу. * Шолақ таяғының өзін түнеп шыққан жерінде ұмытып кетуі жиі болған. Ел аузындағы аңыздың ақпары осы. Аңыз түбі – ақиқат. Ғ.Қаб. * Қазір Қарымсақ ауылы отырған Шыңбұлақта аты әйгілі «Бұтхана» бар. Сол үшін «Бұтхана ақсуы» деп те атайтын. Соны ел аузындағы аңыз Жоңғар қалмағының ханы Халдан-Серен жасатқан деседі. Ж.Ахм.