Ел тізгінін ұстап отырған азаматтар. * Құрметті ел ағалары, дауға арқау болып жүрген үлкен әңгіменің бірі «Қосазаматтық» төңірегінде өрбуі. Д.Мәс. * … жау қолында қалған жер жаннаты Жетісу мен Орда тіккен оңтүстікті қашан қайтарып аламыз? — деп тақта отырған Әбілмәмбет ханнан бастап, ел ағаларына жағалай көз салып өтті. Қ.Жұм. ~ Ал, халық өз тағдырын сеніп тапсырған билеушінің қателесуге қақы жоқ. Ахмет Байтұрсыновтың: “Алдымен ел ағалары сендер қателеспеңдер. Сендер қателессеңдер соңдарыңнан ерген ел қателеседі” деген сөзі жүрегімде жазулы. С.Дос. * Кетбұға сынды ел ағалары азалы жұртының жабыққан жанын жұбатып, қамыққан көңілін сергітуге күш салды. Д.Рам.
