Қиын-қыстау уақыт келді; ел шапқыншылыққа ұшырады. ~ Ақ Орданың іргесі ыдырап, түндігін дауыл көтеріп, ел басына күн туған кезеңде, сол Ақ Орданың шаңырағын құлатпаймын деп, Хақназар оғлан атқа қонғанына міне он бес жыл. І.Ес. ~ Сонау жаугершілік кезінде, ұлылы-кішілі ел шапқыншылығы тұсында ел басына күн туып, ата баладан, бала анадан айырылып, бет-бетімен ыдыраған босқын заманда қырғыздан ауып келген, үрім-бұтақ жайып, қазақ боп сіңіп кеткен деседі. С.Жүн.
