Posted in

ЕЛ БАҚТЫ

Билік етті; қарамағындағы елді басқарды. * Қасым – жігіттің қасқасы. Ағайынның тағалы торы тайын жатқа жібермейді. Жауын жаулайды, жесірін даулайды, жерін жалдайды. Ұрлығын қымтайды, шеттен шымқайды. Болысқа барады, орысқа барады. Ел бағады, сөз бағады. Аттан түспейді. Ж.Айм. * Жасы отыздың жуан ортасына келіп қалғанмен, алдында Итбай сықылды ел бағатын ағасы болғасын, Елікбай жастықтың тізгінін тежемей, балалы-шағалы боп қалғанына қарамай, әлі де болса ойын-тойдың, бозбалашылықтың базарын қуып жүрген жігіт еді. С.Мұқ. * Ел бағып үйренген, жүзінен мейірім, ізгілік, адамгершілік нұры сезілген әкім-бастықты танып аяқ астынан талып қала жаздады. Д.Досж.