Posted in

ЕЛ БОЛАМ (-ЫЗ) ДЕСЕҢ (ДЕСЕК)

Басқа жұртпен тереземіз тең болсын десең д.м. * Өз ағайындарыңды өздерің танымай сендерге не көрінген? Ел боламыз десек, бұдан былай өкше көтерісіп, төбе өлшесіп, білек салыстырмайық! Ә.Кек. * … Табыннан шыққан Барақтың Асауын да шақырталық. Ел боламыз десе бір елең етпес дейсіз бе. М.Әбдіх. * Өзіндейді кемсінгені үшін бір дүре, ел бірлігіне қол көтергені үшін екі дүре. Ел болам десең, соған көнесің! Ә.Кек. * Бірлікті тілесең, ірілікті қаласаң, ел болам десең тәуелсіз, бірлік керек алдымен. С.Дос.