Ел биледі. * Ата-бабадан ел тізгінін ұстауға жаратылған сізде де желеп-жебеуші пір жоқ дейсіз бе? – деген келіншек көзінің астымен бұл жаққа бір қарап қойып, сосын маңдайын атасына түзеп. Ә.Кек. * Ол ел тізгінін ұстағалы жоңғарда екі қонтайшы ауысыпты. Екеуі де қазақтарға оңай тимепті. Ә.Кек. * Ендігі бетіміз осы жақ болу керек, былай да құны түсе бастаған хан тұқымынан біріндеп қол үзуіміз керек. Ел тізгінін мына сен сияқты қара қазақтан шыққан беделді адамдарға ұстату керек, – деген. С.Мұқ. * Бізді мұнда ондай-ондай сойылы мен шоқпарына ие бола алмай жүрген содырлар емес, ел тізгінін ұстап отырған игі жақсылар, олардың ішінде де, исі алашқа бас ұрғызған алтын тақтың иесі әз Тәуке ханның өзі жібереді. Ә.Кек.
